03 Қар 2020
Жаңалықтар

АТЫРАУЛЫҚТАРҒА МЫҢДАҒАН​ КӨШЕТ​ ТЕГІН ТАРАТЫЛАДЫ

Акцияға қалалық билік бастамашы болып отыр және​ ол облыс орталығын көгалдандыруға бағытталған, - деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің​ баспасөз қызметі. Атырау қаласының әкімі Әлімұхаммед Құттұмұратұлының тапсырмасымен, кезекті жалпықалалық сенбілік қарсаңында тұрғындарға көшеттерді тегін беру ұйымдастырылады. Аталмыш​ акцияоблыс орталығын көгалдандыруға бағытталған және дәстүрге айналмақ.

- Қаланы көгалдандыру - жергілікті билік органдарының ғана емес, Атырау тұрғындарының да басым ​ міндеттерінің бірі. Жыл сайын ағаштар бір жерге​ отырғызылады, уақытында суарылмайды және дұрыс күтім жасалмайды дегенқала тұрғындарыныңшағымдары әлеуметтік желілерде жиі кездеседі. ​ Бұл жолы біз тұрғындарға өздері бастама көрсетіп, көшеттерді өздері қалаған жерге отырғызуды ұсындық, - деді қалалық үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысының м.а. Ұзақ Тұсаев.

Ұзақ Тұсаевың айтуынша, көшеттерді тарату барысында тұрғындарға​ ағаш отырғызу ұсынылатын жерлер ескертіледі. Бұл, негізінен, қаланың әлеуметтік мекемелері - балабақшалар, мектептер, емханалар және ауруханалар.

Көшеттерді тарату акциясы​ 18 және 19 сәуірде «Арнаулыавтобаза» ЖШС аумағында, сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін өткізілетінін атап өтеміз. Ағаштарды отырғызу - сенбі, 20 сәуірге жоспарланып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 16 наурызында Атырауда екі айлық санитарлық-тазалық науқаны басталды. Егер бұған дейінгіжалпықалалық сенбіліктер«Таза жағалау» акциясыаясында өткізілсе, келесі сенбіліктероблыс орталығынкөгалдандыруға арналатын болады.